ҚАЖ қызметкерлері шекара аумағынан қару тапты
ҚАЖ қызметкерлері шекара аумағынан қару тапты
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақ елі мен Қырғызстан Республикасының шекара сызығынан шамамен бір шақырым жердегі ордан полиэтилен қап тауып алып, тәркіледі. Өңірлік ҚАЖ департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері тәркілеген қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі "Тоз 8"маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар табылды. Айта кетейік, бұл оқиға ағымдағы жылдың 26 тамыз күні кешкі уақытта орын алған.