ҚАЖ қызметкерлері театрға барды
ҚАЖ қызметкерлері театрға барды
Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертер "Ұлт азаттығы. Ахмет Байтұрсынұлы" атты қойылым сахналанды. Жергілікті әртістердің Алаш арыстарына деген ақ пейілі мен оларды насихаттауға бағытталған батыл бастамасына ҚАЖ қызметкерлері де көрермен ретінде өз үлестерін қосты. Нақтырақ айтқанда, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері игі іс-шараның бел ортасынан табылды. Айта кетейік, жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қиындығы мол жұмыстарынан уақыт тауып, облыс орталығындағы мәдени нысандарға жиі барып тұрады.