сенбі, 23 қараша, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – кәсіподақтар қызметкерлерінің күні.

Бүгін – кәсіподақтар қызметкерлерінің күні.
ашық дереккөзі
Бүгін – кәсіподақтар қызметкерлерінің күні.
Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда кәсіподақтардың ролі зор.  Жұмысшы құқығы мен мүддесінің сақталуы барысында маңызды қызмет атқаратын бұл ұйымның міндеттері аз емес. Бүгінде аймағымызда 33 бастауыш салалық кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Соның ішінде фискальды органдар мен білім, медицина саласы мамандарының кәсіподақ ұйымы үздіктер көшін бастап тұр. Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің жартысынан көбінің құқығын "SENIM" Жамбыл облыстық филиалы өз деңгейінде қорғауға ықпал етуде. Бүгін облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада бірқатар емдеу, алдын-алу мекемелерінің кәсіподақ мүшелері марапатталды. "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерлан Сатыбалдиев барлық денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге құттықтау жолдап, қиын кездерде жұмысын тастап кетпегендері үшін, өз денсаулықтарына қауіп төнсе де постта тұрып, халықпен, елмен бірге болған ақ халаттыларға алғыс білдірді. Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төсбелгісімен Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев, Байзақ аудандық орталық ауруханасының БМСК бөлімінің басшысы Гулнар Маханбаева, Қордай аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бакыт Чанбаева,    "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының” Құрмет грамотасымен Қордай аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Алмат Байшемиров, Шу аудандық орталық ауруханасының анестезист медағасы Олжас Лахаев, №5 қалалық емханасының  V-ші отбасылық денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Райхан Айтымбетова, Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының мейірбикесі Ляззат Жамишжанова, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігер хирургі Алмаз Қырылдақов, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Зина Абзелиева,    "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының” Алғыс хатымен «Айша бибі санаторийі» ЖШС мейірбикесі Мая Орымбаева, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының аға мейірбикесі   Нұрлаш Айдарова, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының педиатр дәрігері  Дина Алдешова, Жамбыл облыстық көпбейінді  ауруханасының аға акушеркасы Бақтыгүл Рахишева, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Демеу Алипбаев, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының есепшісі Баян Жолымбекова марапатталды. Сондай-ақ,  Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен "SENIM" Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының" РҚБ төрағасының орынбасары Гүлмайра Момбекова және Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының кардиологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Рауза Жұбандықова марапатталды. Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасына  №5 қалалық емханасы кәсіподақ комитетінің төрайымы  Назгүл Шайсламова, №6 қалалық емхананың педиатр-дәрігері Ұлболған Уркинова, Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері Ақмарал Омарқұлова, Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері Абзал Матебаев ие болды. Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері Алтыншаш Ізбасарова және Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері Алтынай Пахриденоваға табысталды.  width= width= width= Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз  қызметі  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар