сенбі, 15 наурыз, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа 13 автобус ел игілігіне берілді

Таразда жаңа 13 автобус ел игілігіне берілді
Фото: Jambylinfo.kz
Бір қоғамдық көліктің құны - 80 миллион теңге

Бүгін Таразда жаңа 13 автобус ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қоғамдық көліктер «Smart City Service»  тасымалдаушы мекемесінің теңгерімінде. 
Қала әкімінің сөзінше, жеткізілген автобустар серіктестік қызмет көрсететін 8 және 56 маршруттарға қойылады. Ал, аталған бағыттағы «Golden Dragon» маркалы автобустар тұрғындар сұранысына байланысты 41 маршруты бойынша қызмет көрсетеді. 

- Осылайша  41 маршруттағы Isuzu SAZ LE60 маркалы автобустар 37 маршрут қызметін қайта іске қосады. «Smart City Service» ЖШС бүгінде қала аумағында 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Оңын ішінде 62 маршрут ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап іске қосылды.  37 маршрут сызбасы екі ауданнан қосылған елді мекендерге байланысты «Түрксіб» алқабынан бастап, Абай, Байтұрсынов, Лукманов, Арыстан баб, Сыздықов, Д. Бедный, Самарканд, Балуан шолақ, Абай даңғылы, Қонаев, Сейфуллин, Б.Момышұлы, Тәуке хан көшелері арқылы «Дорожник» және «Бектөбе» алқаптарына қатынайды,- деді Бақытжан Орынбеков.

Жалпы 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары аясында 3 жыл көлемінде 200 бірлік автобус алу, қосымша 15 маршрут ашу межесі бекітілген.  Бұл бойынша 2023 жылы 73 бірлік, 2024 жылы 155 бірлік автобус алынып, жалпы 228 бірлікті құрап отыр. Осылайша үш жылдық меже екі жылда артығымен орындалып отыр. 

- 2024 жылы жеткізілген 155 автобус есебінен 13, 18, 41 маршруттар толықтай жаңа автобустармен ашылды. Сонымен қатар 28, 34, 46, 54, 55, 61, 33, 40, 16, 44 маршруттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай жаңа автобустарға ауыстырылды. Ал 12, 23, 29, 27  бағыттағы маршруттар ішінара ауыстырылды.  Алдағы уақытта 7,  14,  15,  4, 1, 32, 20, 57 маршруттар толықтай, 12, 29, 27 маршруттар ішінара жаңартуды қажет етеді. Жолаушы бағыттарын ашу аясында 2023 жылы 4 маршрут, 2024 жылы жалпы 5 маршрут ашылды,- деді қала әкімі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар