Таразда жаңа 13 автобус ел игілігіне берілді

Бір қоғамдық көліктің құны - 80 миллион теңге
Бүгін Таразда жаңа 13 автобус ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қоғамдық көліктер «Smart City Service» тасымалдаушы мекемесінің теңгерімінде.
Қала әкімінің сөзінше, жеткізілген автобустар серіктестік қызмет көрсететін 8 және 56 маршруттарға қойылады. Ал, аталған бағыттағы «Golden Dragon» маркалы автобустар тұрғындар сұранысына байланысты 41 маршруты бойынша қызмет көрсетеді.
Жалпы 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары аясында 3 жыл көлемінде 200 бірлік автобус алу, қосымша 15 маршрут ашу межесі бекітілген. Бұл бойынша 2023 жылы 73 бірлік, 2024 жылы 155 бірлік автобус алынып, жалпы 228 бірлікті құрап отыр. Осылайша үш жылдық меже екі жылда артығымен орындалып отыр.