дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Таразда жаңа 20 қоғамдық көлік ел игілігіне берілді

Бүгін Таразда жаңа 20 қоғамдық көлік ел игілігіне берілді
Jambylinfo.kz
Биыл қаладағы автопарктер 155 жаңа қоғамдық көлікпен толыққан

Бүгін Таразда жаңа 20 қоғамдық көлік халық игілігіне берілді. ЭЖалпы Соңғы соңы 2 жылда қалаға 220-дан аса автобус сатып алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтсақ, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік «Isuzu» маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-і №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады. Ал «RashLau» ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-і №13 маршрутқа берілсе, 2-і №18 бағытты толықтырады. 
Өзбекстанда құрастырылған 70 адамға арналған автобустардың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған. 
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, өткен жыл мен биылғы жылдың өзінде автопаркты жаңарту үшін 220-дан аса қоғамдық көлік сатып алынған. Оның 155-і биыл әкелінді. Осылайша әкім «3 жылдық жоспарды 2 жылда орындадық» дейді.

-    Енді бұл бағытта жұмыс тоқтады деген әңгіме емес. Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Бүгінгі келген 20 автобус 13, 23, 44 маршруттарды жаңалауға бағытталады. Мына мәселені айта кетуім керек, Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер 2022 жылы 39 млн  жолаушы тасымалдаса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 45 млн-ға жеткен. Ал, биылдың 10 айында 50 млн тараздық қоғамдық көлікке мінген. Осылайша тасымалданған жолаушылар саны 10 млн-ға өсіп отыр. Бұл қоғамдық көлік қызметінің сапасы мен жолаушының сенімі арты деген сөз,- деді Бақытжан Орынбеков. 

Үкімет қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу бойынша қаулы қабылдаған. Ендігі 14 елді мекен шаһар аумағының шекарасына өтті. Орынбеков алдағы уақытта сол аумақты қоғамдық көлікпен қамту міндеті күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар автопарктер бәсекелестігін субсидия беру арқылы арттырып отыр. Бұл қоғамдық көлік қызметіндегі сапаны арттырады.

-Субсидия дегеніміз- әр жолаушыға кеткен шығын мен біздің бекіткен тариф арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 1,4 млрд теңге болса, 2023 жылы 3,4 млрд болды. Ал, биыл 5,5 млрд теңгеге көтеріліп отыр. Бұл бірінші кезекте автобус сатып алуға жұмсалып отыр. Сонымен қатар техникалық базаны жөндеу, жылы бокстар салу мәселесі шешілді. Бұл маңызды. Өйткені, қыстыгүні қоғамдық көлік уақытылы жұмысқа шығуы керек,- деді әкім.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар