жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б. Момышұлының поэзиясына арналған жинақтың тұсаукесері өтті

Б. Момышұлының поэзиясына арналған жинақтың тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
Б. Момышұлының поэзиясына арналған жинақтың тұсаукесері өтті

Биыл Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Ұлы жерлесіміздің мерейтойына орай облыста түрлі шаралар ұйымдастырылуда. 26 қараша, бейсенбі күні Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы Даңқ залында облыс әкімі Бердібек Сапарабаевтың қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім» атты кездесу өтті.

Шара басталмас бұрын аймақ басшысы қонақтармен бірге Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Кездесу барысында Б.Момышұлы поэзиясына арналған «Сардарық жыр сарбаздары» атты жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге жинақтың авторлары – Жуалы ауданының құрметті азаматы Сәбит Дүйсебаев және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова қатысты.
Облыс әкімі Бердібек Сапарабаев Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер мәңгі ұмытылмау тиістігін атап өтті.
- Биылғы жыл бірнеше ұлы тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілуде.​ Әл-Фараби мен Абай ғылым мен мәдениетке үлес қосқан болса, Бауыржан Момышұлы Отанымызды қорғауға тікелей қатысқан. Ұлттымыздың батырлары туралы айтқанда ең алдымен,​ Момышұлы ойға оралады. Біздің міндетіміз – тұлғаның өмірі мен қызметі хақында жадымызда сақтап, бүгінгі ұрпақтың үлгі-өнегесіне айналдыруымыз керек. Қазақстандық мектептің әрбір түлегі Бауыржан Момышұлының кім болғанын​ біліп, түйсінуі тиіс, - деп санайды Бердібек Сапарбаев.
Әскери қайраткер, әскери ғылымдар полковнигі Ким Серікбаев мерейтойлық шараның маңыздылығына тоқталды.​
- Бұл мерейтой тек облыс пен қазақстандықтар үшін ғана емес, бұрынғы КСРО-ның барлық елдерінің тұрғындары үшін де маңызды. Жерлесіміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - деп атап өтті К.Серікбаев.
Батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова аты аңызға айналған қолбасшы туралы естеліктермен бөлісті.
- «Өшкен жұлдыздардың жарқырауы миллион жылға дейін созылады» деген сөз бар. Бұл біздің бүгінгі кейіпкерімізге қатысты айтылғандай. Ол​ кісін «намыс пен ар-ождан» секілді екі​ ауыз сөзбен суреттеуге болады. Мен осындай айтулы тұлғаның жанында өмір сүргеніме қуаныштымын. Көптен бері мектептерде Бауыржан Момышұлы туралы сабақ өткізуді армандайтынмын. Ол бұған әбден лайық.
Сондай-ақ Жуалы ауданының ардагері Әбілқасым Ергебеков, Б.Момышұлының жиені, журналистика ардагері Бекет Момынқұл мерейтой иесі туралы естеліктерімен бөліссе, ақын Маралтай Раймбекұлы өзінің арнау өлеңін оқыды.​
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Даңқ залына Б.Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісін табыстады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар