Б. Сапарбаев ақпараттық-түсіндіру топтардың құрамымен кездесті
Б. Сапарбаев ақпараттық-түсіндіру топтардың құрамымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру» жолы атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру, талқылау жұмыстары жан-жақты ұйымдастырылуы тиіс. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерімен кездесуінде айтылды. Аймақ басшысы Жолдау шын мәнінде қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделген, елімізді жаңа биіктерге бастайтын бастамаларға толы екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы, халық пен биліктің байланысын нығайту, азаматтық қоғамды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев 11 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылғанын жеткізді.
Аталған топтар Тараз қаласы мен аудандарда кездесулер өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыратын болады. Сарапшылар мен қоғам белсенділері бар арнайы спикерлердің тізімі бекітілді,-деді А. Садубаев. Облыс әкімі барлық шаралардың сапалы өтуін, топ мүшелері аудан, ауылдарды барыншы қамтып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуі тиіс екендігін жеткізді.