Б. Сапарбаев: Мемлекет басшысының тапсырмалары нәтижелі жүзеге асуы тиіс
Б. Сапарбаев: Мемлекет басшысының тапсырмалары нәтижелі жүзеге асуы тиіс
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделген. Ондағы стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін ауқымды бастамалар мен басым міндеттерді жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдарға үлкен жауапкершілік артылады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімідігінде өткен жиында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айрықша атап өтті. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Жолдаудан туындайтын басымдақтарға жекелей тоқталып, олардың өзектілігін жеткізді.
Аймақ басшысы әлемдегі қалыптасып отырған күрделі ахуалды сөз етіп, оның елімізге, өңірімізге әсерін жан-жақты зерделеу, соған сәйкес шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова ағымдағы жылдың алғашқы екі айының көрсеткіштері туралы баяндады. Облыс әкімі жұмысы төмен басқарма басшылары мен аудан әкімдерінен жауаптар алып, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырмалы түрде оң нәтижеге жету үшін нақты тапсырмалар жүктеді.