Б. Сапарбаев: Негізгі міндет – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру
Б. Сапарбаев: Негізгі міндет – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша Жамбыл облысында жергілікті биліктің тұрғындармен кері байланысына тиісінше көңіл бөлінуде. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына әлеуметтік желіде белсенділіктерін арттыру бойынша нақты тапсырма жүктеді. Бұл туралы аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды.
Жиында облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы баяндама жасап, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының әлеуметтік желідегі белсенділігі, тұрғындармен кері байланысы бойынша жүргізілген талдау қорытындысына тоқталды.
Сондай-ақ, баяндамашы барлық аудан әкімдері мен басқарма басшыларын инстаграм және фейсбук парақшаларының болу керектігін әрі олардың сапалы жүргізілуін, кейбір аудандар мен басқармаларда баспасөз хатшыларына арнайы штаттың қарастырылмағанын, басым бөлігінің мардымсыз жалақы алатындарын атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы талдау ай сайын тұрақты түрде жүргізіліп отырмақ.
Облыс басшысы мәселелер бойынша аудан әкімдерінен жеке-жеке жауап алды. Барлық ұсыныстарды қолдайтынын айтқан аймақ басшысы, жұмыстарды жүйелеу үшін бір ай уақыт беріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Аппараттық кеңестің күн тәртібіндегіцифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, әдеп жөніндегі уәкілдің есебі тыңдалды.