дүйсенбі, 18 қараша, 2024 11:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б. Сапарбаев тараздықтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады

Б. Сапарбаев тараздықтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады
ашық дереккөзі
Б. Сапарбаев тараздықтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың есебін тыңдады. Есептік жиында алдымен жиналғандарға  атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштер туралы шағын бейне-ролик көрсетілді. Аймақ басшысы облыстың былтыр экономикалық өсімі 105,8 пайызды құрап, 2020 жылмен және республикалық орташа көрсеткішпен салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қалыптасқанын атап өтті.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазір барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беруде. Өзім бірқатар ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің есептік жиындарына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың өзекті мәселелеріне назар аударудамыз. Өткен жылы өңірде аз жұмыс атқарылған жоқ. Сол қарқынды жоғалтпай, арттыра түсу керекпіз. Ең бастысы халық алдындағы міндеттемелерімізді мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылым тарту жұмыстарын жүйелі жүзеге асыру қажет. Тұрғындарды газ, ауыз сумен қамту, жолдардың сапасын жақсарту шаралары жалғасады. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі, «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек» жобалары бойынша жұмыстар жемісті жалғасуда. «Таразға тарту» жобасымен облыс орталығында көптеген демалыс орындары пайда болды. Кеше ҚР Президенті халыққа маңызды Жолдау арнап, негізгі 10 басымдықты  белгілеп берді. Әкімдермен кеңес өткізіп, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік төлемдерді уақытылы жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындармен жиі кездесіп, мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ол бойынша нақты шаралар қабылданатын болады. Қазір әлемдегі ахуал баршаны алаңдатып тұрғаны белгілі. Бұл дағдарыстың біздің елімізге, облысымызға да өз әсері болары сөзсіз. Оның бізге деген кері әсерін, салдарын азайтуға барынша күш саламыз. Ең бастысы қоғамдық бірлік, тыныштық болғаны маңызды. Тұрақтылық – дамуға бастайды,-деді Б. Сапарбаев.
Бұдан соң Ержан Жылқыбаев облыс орталындағы оң көрсеткіштер мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Былтыр Тараздағы 14 аула заманауи, жаңа стандарттарға сай абаттандырылып, 10 кіші футбол алаңшалары жөнделіп, 4 алаңша ашылған. Сондай-ақ, 26 көше жөндеуден өтсе, 39 қоқыс алаңшалары реттелген.
- Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, 41 көше түнгі жарықтандырумен қамтылып, 11,4 шақырымдық су және кәріз желілілері ағымды жөндеуден өтті. Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма тұрғын алқаптары мен 28 саяжайға электр желілері тартылды. Көктем тұрғын алқабы газбен, Арай тұрғын алқабындағы 1265 үй электрмен, Барысхан тұрғын алқабындағы 276 үй ауыз сумен қамтылды. 27  заманауи жаңа аялдамалар орнатылып, 10 автобус жаңартылды. 257 қоқыс жәшіктері қойылып, 357 қоқыс контейнері орнатылды. 3 жаңа мектеп салынып, біреуі күрделі жөндеуден өтті,-дей келе шаһар басшысы «Таразға тарту» бойынша 42 жобаның жүзеге асқанын, қала келбетін арттыру бағытындағы жұмыстарға да тоқталды. Әлеуметтік, спорт, мәдениет және өзге де салалар назардан тыс қалған жоқ.
Облыс әкімі алдағы жоспар бұдан ауқымды екенін баса айтып, қала басшысына нақты міндеттер жүктеді. Өз кезегінде бірқатар қала тұрғындары толғандарып жүрген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптарын ала білді. Олар негізінен, әлеуметтік көмек, жол жөндеу, баспана, жер кезегі, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлерді жаңғырту мәселелерін көтерді. Барлық мәселелер заңдық тұрғыда шешіліп, кейбір жайттар бойынша зерделеу шаралары жүргізілмек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар