Б. Сапарбаев тараздықтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады
Б. Сапарбаев тараздықтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың есебін тыңдады. Есептік жиында алдымен жиналғандарға атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштер туралы шағын бейне-ролик көрсетілді. Аймақ басшысы облыстың былтыр экономикалық өсімі 105,8 пайызды құрап, 2020 жылмен және республикалық орташа көрсеткішпен салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қалыптасқанын атап өтті.
Бұдан соң Ержан Жылқыбаев облыс орталындағы оң көрсеткіштер мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Былтыр Тараздағы 14 аула заманауи, жаңа стандарттарға сай абаттандырылып, 10 кіші футбол алаңшалары жөнделіп, 4 алаңша ашылған. Сондай-ақ, 26 көше жөндеуден өтсе, 39 қоқыс алаңшалары реттелген.
Облыс әкімі алдағы жоспар бұдан ауқымды екенін баса айтып, қала басшысына нақты міндеттер жүктеді. Өз кезегінде бірқатар қала тұрғындары толғандарып жүрген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптарын ала білді. Олар негізінен, әлеуметтік көмек, жол жөндеу, баспана, жер кезегі, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлерді жаңғырту мәселелерін көтерді. Барлық мәселелер заңдық тұрғыда шешіліп, кейбір жайттар бойынша зерделеу шаралары жүргізілмек.