сенбі, 23 қараша, 2024 9:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бақытты отбасы» орталығында қоғамдық қабылдау өткізді

«Бақытты отбасы» орталығында қоғамдық қабылдау өткізді
ашық дереккөзі
«Бақытты отбасы» орталығында қоғамдық қабылдау өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын жасағанда, билік пен бұқараның байланысын нығайта түсуді көздеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сондықтан да жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қарапайым халықпен жиі пікірлесіп тұруға міндеттеді. Осы тапсырманың аясында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Тараз қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Жиынға әлеуметтік, құқықтық салаларға жауапты мекемелердің басшылары да келді. Біз өңірдегі көп балалы аналармен, тұрмысы төмен азаматтармен кездесіп, сауалдары тыңдалды. Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды негізінен әлеуметтік көмекке қатысты түсінбеушіліктер мазалайды екен. Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне, білім беру саласына қатысты шағымданғандар, өтініш айтқандар болды.
Азаматтардың сауалдарына орай аймақ басшысының орынбасары жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын жеткізді. Мұндай қоғамдық қабылдау жиындары алдағы уақытта да жалғаспақ.
 width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар