Жамбыл жаңалықтар

Балаларға баспана беріледі

Балаларға баспана беріледі

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына аудандық прокуратураның аға прокуроры Жазира Миралиева, комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары (бейнебайланыс арқылы) қатысты. Комиссия отырысында кәмелетке толмағандар арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беру,білім беру және басқа да ұйымдарға орналастыру, ата-ана міндетін дұрыс орындамайтын ата-аналарды анықтап, оларға көмек көрсету, көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен, мүгедек балалары бар отбасыларға, сондай-ақ балалардың иелігінен тыс заңсыз шығарылған тұрғын үйлерді қайтару секілді мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған аудан әкімдігібілім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Мәди Мәдіжанов кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жоспар жоспарға сәйкес орындалып жатқанын жеткізді. Басқосуды қорытындылаған ОлжасЕлебекұлы: «Аудан бойынша үй кезегіне тіркелмеген 4 баланы үй кезегіне тіркеу жұмыстарын шұғыл жүргізу қажет. Үстіміздегі жылдың аяғында Абай көшесі бойындағы 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Заңға сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 76 пәтердің 20 пайызын, яғни 15 пәтердің берілуін бақылауға алып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек», – дептиісті сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Гүлбаршын СЕЙТҚАЗИЕВА, «Шұғыла».