Жамбыл жаңалықтар
Балаларға реабилитациялық көмек - қашан да қолжетімді
- авторjambylinfo.kz
- 15 тамыз, 2022
- 419
Балаларға реабилитациялық көмек - қашан да қолжетімді
Соңғы жылдары ағзаның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және мүгедектіктің алдын алуға бағытталған медициналық оңалту түрлері белсенді дамуда.
Оңалту көмегін қажет ететін кез-келген аурулардың ерекшелігі-емнің мүмкіндігінше ерте басталуында және тұрақты негізде жүргізілуінде.
Көбінесе, ата-аналар ақпараттың аз болуына қарай, оңалтудың қолжетімсіздігіне тап болады. Көбісі, неден бастау керектігін және ерекше қажеттіліктері бар баланың дамуы мен емделуі үшін оған қалай көмектесуге болатындығын түсінбейді.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған “Балалар жылында” ерте араласу орталығын құру - денсаулық сақтаудың ең маңызды үлесі болмақ.
Облыс орталығында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында "Қамқорлық" ерте араласу орталығын құру жоспарланған, оның негізгі мақсаты - оңалтуды уақтылы бастау үшін қымбат уақытын жоғалтпай, балалардағы ерте мүгедектіктің алдын- алу және уақтылы кешенді дер кезінде емделу болады.
Кешенді медициналық оңалту туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқулары бар балалар үшін қолжетімді болады.
Баланың осы жас кезеңінде ең қуатты оңалту әлеуеті байқалады және уақтылы көмек - мүгедектікке жол бермеу мүмкіндігін арттырады, ең бастысы - аяққа тұрып, өздігінен мектепке бару.
Ерте араласу орталығында дамудағы артта қалушылық пен бұзылуларды неғұрлым ерте анықтау, кешенді оңалту көмегі, отбасыларға ақпараттық және эмоциялық қолдау, баланың даму деңгейін жүйелі бағалау, ата-аналардың балаға күтім жасауды және оның оңтайлы дамуын қамтамасыз ету бойынша дағдыларын дамыту мүмкін болмақшы.
Балаларды оңалту тегін негізде қамтамасыз етіліп, оған мұқтаждар көп қамтылмақшы (900 оқушы), қайта курстар өткізу мүмкіндігі де бар.
Ерте араласу орталығы 2200 ш.м. астам алаңға, жергілікті бюджет қаражаты есебінен реконструкциялау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін орналасады.
"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры есебінен 124 626 129 теңге сомасына базалық заманауи оңалту жабдығы мен қосымша жабдықты жеткізу жоспары алда тұр.
Оңалтудың табысты нәтижесінде негізгі рөл - мамандарды кадрлық даярлауға тиесілі.
"Қамқорлық" жобасының талаптары шеңберінде тиімділігі дәлелденген әдістемелерге тұрақты оқытудан өтетін мамандардың (дефектолог, логопед, невропатолог, реабилитолог, психолог, ортопед, терапевт, педиатр) мультидисциплинарлық командасы құрылды.
Осылайша, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында “Заманауи ерте араласу орталығын” іске қосу - кезектілікті ұзақ күтпей және басқа өңірлерге шығу қажеттілігінсіз және қаржылық шығындарсыз балаларды ерте оңалту үшін қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Түркияда екі жасар қыз жыланды тістеп өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024