Бар жақсылық – балаларға!
Бар жақсылық – балаларға!
Бар жақсылық – балаларға! Әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, күміс күлкісін аялау – абыройлы міндет. Бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы. Бар жақсылықты балаларға көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі – саналы болып өсуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы жарқын. Осы ретте Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің ұйымдастыруымен мекемедегі қызметкерлердің балаларына балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Арнайы шақыртылған «Fantasy show» театрының әртістері бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Балақайлармен бірге ән салып, би билеп, түрлі сахналық қойылымдар көрсетті. Бүлдіршіндер ертегілер елінен келген кейіпкерлермен таңғажайып әлемге сапар шегіп, тіл үйірер тәттіден дәм татты.
Мекеме бастығы Ерлан Тоқанов балақайларды мерекемен құттықтап, мұндай мерекелік шаралардың тек балалар күнінде ғана емес, жиі ұйымдастырылуы тиіс екенін, бұл бағытта арнайы жоспар жасалатынын жеткізді.