Жамбыл жаңалықтар

БАСКЕТБОЛДАН БАС ЖҮЛДЕ

БАСКЕТБОЛДАН БАС ЖҮЛДЕ

21-26 сәуір аралығында баскетбол 3х3 спорт түрінен 9-11сынып оқушылары(ұлдар) арасында Павлодар қаласында Республикалық “Ұлттық мектеп лигасында” турнирі өтті. Онда облысымыздың 13 мектебінен жиналған оқушылар командасы бас жүлдені иеленді. Жылдамдықты, қырандай шалт қимылды, ептiлiктi, мергендiктi қажет ететiн бұл жарысқа Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарынан және Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының оқушыларынан құралған 11 команда қатысты.