Баспана-бақыт шамы
Конституция күніне орай 15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мереке қарсаңында тұрғындардың қуанышы еселене түсті. Баспаналы болу бақытына кенелген тұрғындардың қуанышымен бөліскен Бердібек Машбекұлы ақжарма тілегін білдіріп, пәтер кілттерін тапсырды.
Салтанатты шараға жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтаған аймақ басшысы баспана мәселесіне қатысты облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.
– Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі –
халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты (3 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспалануда, -деді Бердібек Машбекұлы.
Пәтер кілтіне ие болған тұрғындар атынан сөз алған Жазира Байкулова көпшілік атынан алғысын жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала