Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу Жуырда Мойынқұм аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жиын өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты - есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қайталап қылмыс жасаудың алу. Жиынға аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Ахметжанов, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Каипов сондай-ақ ауданның бас имамы Р.Ескенбеков арнайы қатысты. Кездесу барысында аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Каипов ел Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысына сәйкес, «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын» кеңінен айтып өтті. Өз кезегінде жиынға қатынасушы жазасын өтеуші азаматтар толғандырған сан сауалын қойып, оларға нақты жауаптар берілді.