Жамбыл жаңалықтар

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында, Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мекеме басшыларына күш жігерді жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау қажеттілігі туралы басып айтты. Кеңес отырысында облыстағы сыбайлас жемқорлық ахуалы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан алдын алу жұмыстары талқыға салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен жүргізілген талдау қорытындысымен 2019-2020 жылғы сыбайлас жемқорлық сипатында жасалған құқықбұзушылықтардың басты түрлері аталды. Олар: білім саласында жұмысқа орналастыру барысында, сағат бөлу, аттестациядан өткізу, ауыл шаруашылығы саласында субсидия бөлу, табиғатты қорғау саласында орындалмаған жұмыстарды қабылдау, ауылдық округтарда жер бөлу кезінде орын алған. Сондай-ақ, аталған барлық салаға тән сыбайлас жемқорлық тәуекелі ол мемлекеттік сатып алу кезіндегі құқықбұзушылықтар болып табылады. Кеңес отырысында департамент басшысы Ә.Әшірбаев, облыстағы құқықбұзушылық жағдайлары туралы баяндама жасап, сол салалардағы мекеме басшылары сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларына жете мән бермей, олардың ұйымдастырылған шараларына формальды қағаз жүзінде қалып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, жыл басында облыс әкімдігімен бірлесіп бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы кешенді жоспардың мемлекеттік органдармен орындалуы барысы сынға ілінді. Күн тәртібінде қаралған сұрақтың қорытындысымен Кеңес төрағасы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына кешенді жоспардың орындалуын жіті бақылауға алуды және оны белгіленген мерзімде сапалы орындалмаған жағдайда тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы жайлы тапсырма берді.