Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды
Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Меркі ауданының әкімі болып Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы тағайындалды. 📍Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. 🔹 Жорабек Нұрмергенұлы 1971 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. 🔹1989 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын «мемлекеттік бюджет», Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. 🔹 Еңбек жолын 1989 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып бастаған. 🔹 2020 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.