сәрсенбі, 2 қазан, 2024 23:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байқау! Байқау! Байқау!

Байқау! Байқау! Байқау!
ашық дереккөзі
Байқау! Байқау! Байқау!
 width= Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай           «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялайды. Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қараша аралығында өтеді. Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Аудандық кезеңде: 1-орын – 150 мың теңге; 2-орын – 100 мың теңге; 3-орын – 50 мың теңге. Облыстық (қалалық) кезеңде: 1-ші орын – 750 000 теңге; 2-ші орын – 350 000 теңге; 3-ші орын – 200 000 теңге. Облыстық (қалалық) деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар: 1-ші орын – 1 500 000 теңге; 2-ші орын – 700 000 теңге; 3-ші орын – 400 000 теңге. Байқау туралы толық ақпаратпен www.qazaqepos.com сайтында танысуға болады. Қосымша жаңалықтар мен мәліметтерді «Nur Otan» партиясы филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар