Байзақ ауданы қаңғыбас ит пен мысықты залалсыздандыруға қанша қаражат бөлгені белгілі болды
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ветеренария бөлімінің басшысы Еркінбек Оразов былтыр ауданда 2094 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланғанын мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Оның айтуынша, былтыр Байзақта иттерді чиптеуге, кастрация-стерелизация жасауға, таңбалауға 2 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, шенеунік ауданда қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған панажайдың құрылысы аяқталғанын айтты. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, бұл құрылысқа бюджеттен 59 миллион теңге бөлінген. Облыс деңгейінде бұл нысан Жамбыл ауданынан кейінгі ққрылысына қаржы көп бөлінген мекеменің бірі. Осы орайда jambylinfo.kz тілшісі жауаптыға аталған панажайдың артықшылықтары мен бүгінгі күні қанша жануар бар екенін сұрады.
Айта кетейік, Байзақ ауданы бойынша 161 700 бас ауыл шаруашылық жануарларға «құжат» берілген.