Байзақ ауданы тұрғындарының 99 пайызы газға қосылды
Байзақ ауданы тұрғындарының 99 пайызы газға қосылды
Байзақ ауданының Ақшолақ ауылына көгілдір отын берілді. Газ құбырының іске қосылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Ақшолақ ауылында 800-ден астам халық тұрады. Көгілдір отын құбыры 170 ауланы қамтыды. 9,5 шақырымдық газ құбырын тарту жұмыстарын мердігер «Jana KZ Qurylys» ЖШС жүргізген.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының қолдауымен елді мекендерді таза ауыз сумен қамту, газдандыру мәселелері шешіліп, әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жолдар жөнделіп жатқанын атап өтті.
Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Биыл Байзақ ауданындағы 3 елді мекенге газ құбыры қосылды. Соның нәтижесінде газдандыру үлесі 99 пайызға дейін артты. Айта кету керек, ағымдағы жылы Жамбыл облысында барлығы 20 елді мекеннің 16 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылып, халықты газдандыру деңгейі 88,6 пайызға жетті.