Байзақ ауданында асарлатып үй салынды
Байзақ ауданында асарлатып үй салынды
БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛЫНДЫ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен осымен екінші жыл жүзеге асырылып жатқан жобаның арқасында көптеген тұрғын баспаналы болды. Байзақ ауданындағы Мәдімар ауылының тұрғындары былтыр облыс көлемінде ең алғаш болып мұқтаж отбасына тұрғын үй салып берген. Биыл да ауылдастардың ынтымағының арқасында Пернебек Тыныштықбаевтың отбасы «Асар» дәстүрімен жаңа үйге кірді. Баспана қуанышына жиналған Ынтымақ ауылдық округінің тұрғындары жергілікті басшылармен бірге жаңа қоныстың лентасын салтанатты түрде қиды, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Бес бөлмелі тұрғын үйдің іргетасын Пернебайдың құрдастары қаласа, ағайын-ауылдастары қабырғасын көтеріп, шатырын жабуға атсалысқан. Айтулы шараға ауыл әкімдігі, мектеп ұжымы, кәсіпкерлер қолғабыс еткен.