Байзақ ауданында аумақтық қорғаныс ротасының жиыны өтті
Шара облыс әкімінің «Байзақ-2024» тексеру жиынын өткізу туралы Қаулысына сай өткен
«Айша-бибі» оқу-жаттығу полигонында Байзақ ауданының аумақтық қорғаныс ротасының бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен тексеру жиыны ашылды. Жиынның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов арнайы қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, стратегиялық объектілері мен коммуникацияларын теріс пиғылды сыртқы күштердің әрекеттерінен, диверсиялық немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай режимдерін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы.
Әскери жиын кезінде әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы жүру уақытымен қоса, әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталатынын, республикалық бюджет есебінен орташа жалақы төленетінін айта кету керек.