жұма, 5 шілде, 2024 1:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақта этнокөрме өтті

Байзақта этнокөрме өтті
ашық дереккөзі
Байзақта этнокөрме өтті

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақтың мәдениет, тарих, болмыс құндылықтарын көрсететін  құндылық болып табылады. Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласының басым бағыттарын  насихаттау мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Дала фольклорының антологиясы» атты  этнокөрме өткізілді.

Жалпы, мақалада Елбасы Ұлы даланың ұлылығын айтып, қазақы жаратылысымызды сақтауға, тариxи сананы жаңғыртуға шақырады. Тариx-біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.

Құнды мақалада көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған шараға музейдің тарихи ат әбзелдері, орта ғасырлардағы зергерлік әшекейлері, мектеп оқушыларының тақырыпқа сай қолөнер бұйымдары, «№3 Байзақ колледжі» білімгерлерінің қолдан жасалған металлургия бұйымдары, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітаптары қойылып, мекеме қызметкерлері мен оқушыларға, қатысушыларға таныстырылды.

Байқау форматында өткізілген іс-шарада оқушылар мен білімгерлер қолдарынан шыққан бұйымдарын кеңінен таныстырды. Мақаладағы Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы Ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын Адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны сияқты тараулар жөнінде кеңінен мәліметтер беріліп, әрқайсысы болашақ ұрпақтың нағыз мақтанышына айналатындай құндылықтар екені  айтылды.

«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада төл туындыларымен дараланған «№3 Байзақ колледжінің» білімгерлері 1 орынды жеңіп алды. Тақырыпқа  сай бұйымдарын көрмеге қойған Диқан тірек және Қостөбе мектептері екінші және үшінші орындарды иеленді. Шараға белсене атсалысқандар Алғыс хаттармен марапатталса,  жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау  және сақтаудың маңызы зор. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар