жұма, 15 қараша, 2024 6:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақтағы 75 нысан қалпына келтірілді

Байзақтағы 75 нысан қалпына келтірілді
ашық дереккөзі
Байзақтағы 75 нысан қалпына келтірілді
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жексенбі күні Байзақ ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Алдымен Қайнар ауылында болған аймақ басшысы жөндеу-құрылыс шараларының сапалы әрі мерзімінде орындалуына баса назар аударды. Аудандағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 5 жұмыс тобы құрылып, олардың құрамына құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және төтенше жағдай қызметкерлері енген. Аталған жұмыс топтарымен Байзақтағы Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Төрекелді, Базарбай, Көкбастау ауылдарындағы барлық үйлер зерделеніп, 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысанның зардап шеккендігі анықталды. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық, 1 әлеуметтік нысанға және 1 ауылішілік жолға айтарлықтай елеулі зардап келгендіктен, мемлекет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылданған. Сондай-ақ, айтарлықтай зардап шеккен әрі бұған дейін тозығы жеткен Жібек жолы ауылының №5 орта мектебінің ескі ғимаратының орнына салынатын жаңа мектептің құрылысы басталды. Бердібек Сапарбаев мектептің сапалы салынуын, онда оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін тиісті қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Қазіргі таңда өзге нысандар бойынша жұмыстар қызу жүруде. Жеңіл зардап шеккен 3 әлеуметтік нысан мен 124 жеке тұрғын үй демеушілер есебінен жөнделуде десек, бүгінде 3 әлеуметтік нысан және 72 тұрғын үй қалпына келтірілді. Елеулі дәрежеде зардап шеккен тұрғын үйлер бойынша да жұмыстар қолға алынған.Бердібек Сапарбаев барған Қайнар ауылында мұндай 19 үй бар десек, дәл бүгін 6 үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда. Жалпы бұл шараларға 12 мердігердің 187 жұмысшысы, 22 техникасы жұмылдырылған. Мердігерлер барлық жұмыстарды тиісті мерзімде аяқтайтындықтарына сендірді. Облыс әкімі жергілікті тұрғындармен, әскерилермен кездесіп, ой-ұсыныстарын тыңдады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар