Байзақтағы білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

Өйткені, үкімге қатысты Бас Прокурор кассациялық наразылық білдірген
Байзақтағы білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданған.
Айта кетейік, аталған тұлғалар пандемия кезінде Байзақ ауданындағы мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған жабдықтарды сатып алу барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған.