жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақтық шаруалар балтамыр жинауға кірісті

Байзақтық шаруалар балтамыр жинауға кірісті
ашық дереккөзі
Байзақтық шаруалар балтамыр жинауға кірісті

Байзақтық диқандар қант қызылшасын жинауды бастады. Биыл аймақтағы 49 шаруашылық жалпы көлемі 1 321 гектар алқапқа қант қызылшасын еккен.

Ағын судың жетіспеушілігіне қарамастан байзақтық шаруалар балтамырдың бабын тауып, одан мол өнім алуға ниет танытып отыр.

Аудан бойынша қант қызылшасын жинауды алғашқы болып Үлгілі ауылдық округіндегі Ринат Елеуов жетекшілік ететін «Казаки» шаруа қожалығы мен  бурылдық Николай Рахметилдаев басшылық жасайтын «Бірлік» шаруа қожалығы бастады. Аталмыш агроқұрылымдар алғашқы күннен 272,2 тонна тәтті түбірді Тараз қант зауытына өткізді. Өнімділік әр гектардан 400-450 центнерді құрап отыр.

Аудан бойынша қант қызылшасын жинайтын  4 комплекс және 6 комбайн бар болса, бүгінгі күнге әзірше 2 комбайн жұмыс атқаруда.

Алдын-ала тексеру (таксация) қорытындысы бойынша 1 321 гектардан жалпы 42 мың тонна қант қызылшасы жиналмақ. Шаруалар балтамырдың әр гектарынан 318 центнер өнім алуды  жоспарлап отыр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар