Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер Тәңірберген Төребеков, Ғафан Қуатбек, Әліби Кеңес, Әділет Әділбек, Сергей Заикиннің отбасыларына барды. Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасыларына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Олар әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқанын атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.