Жамбыл жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев газ, бензин, азық-түлік бағаларын тексерді
- авторjambylinfo.kz
- 11 қаңтар, 2022
- 208
Бердібек Сапарбаев газ, бензин, азық-түлік бағаларын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жанар-жағармай құю бекетін, коммуналдық нысандарды, ірі супермаркет пен әлеуметтік дүкендерді аралап, баға тұрақтылығын тексерді.
Аймақ басшысы алдымен Жамбыл даңғылы-Ниетқалиев көшелері қиылысындағы «Kazakh Oil» жанар-жағармай құю бекетінде болып, бензин, дизель отындарының бағасымен, бекеттің жұмысымен танысты. Бекет қалыпты режимде жұмыс істеуде. Мұнда бензин (92) –179, (95) –208, дизель –230 теңгеден сатылуда. Ал, қала бойынша газ – 60, аудандарда – 65 теңгеден өткерілуде. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша газ, бензин, дизель бағалары реттелгенін, оны негізсіз өсіруге жол берілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға ұзын-сонар кезектің туындамасы үшін жанар-жағармай құю бекеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі кезекте аймақ басшысы «Smart» ірі сауда орталығына, әлеуметтік дүкенге барды. Штаттық режимде жұмыс істеп отырған дүкендерде азық-түлік қоры жеткілікті. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағалары да шекті деңгейден аспайды. - Осындай кезеңді пайдаланып бағаны көтеріп жіберетіндер де кездеседі. Біз ондайға жол бермеуге тиіспіз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын негізсіз көтерілуіне қатысты деректер анықталатын болса, онда қатаң шаралар қолданатын боламыз,-деді облыс әкімі. Бұдан соң Бердібек Сапарбаев «Жамбыл су» КМК, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ жұмысымен, «Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Барлығы штаттық режимде жұмыс істеуде. Тұрғындардан шағым түспеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024