Жамбыл жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлерге: Өзімізде өсетін пияз бен қырыққабаттың бағалары әркелкі

Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлерге: Өзімізде өсетін пияз бен қырыққабаттың бағалары әркелкі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі сауда орталықтары басшыларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді Аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша мемлекеттік баға реттеуді енгізуді тапсырды. Апта сайын осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтуде, жергілікті атқарушы органдарға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы міндеттер жүктелді. Мониторинг қорытындылары көрсеткендей, Тараздағы ірі сауда орталықтарында бірдей тауарлар әртүрлі бағада сатылуда. Бұлай болмайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың белгіленген шекті бағалары қатаң сақталу қажет», - деп атап өтті облыс әкімі. Басқосуда Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту, Ауыл шаруашылығы басқармаларының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Тараз-ӘКК»ҰК» АҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары ағымдағы ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.