Жамбыл жаңалықтар
Берік Нығмашев жұмыс сапарымен Меркі ауданында болды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2020
- 230
Берік Нығмашев жұмыс сапарымен Меркі ауданында болды
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев Меркі ауданына арнайы іссапарымен барды.
Іссапар күн тәртібінің басында 2 апта бұрын карантин талаптарын сақтай отытырып ашылған мал базарына барды. Базар басшысы өз аумағымен таныстырып, базарды ұлғайту мақсатында, және логистиканы ескере отырып Т.Рысқұлов ауылдық округінің маңынан салынып жатқан жаңа мал базарының құрылысы бойынша баяндады.
Берік Болатұлы іссапары барысында Қант зауытының қабылдау-дайындық жұмыстарымен танысуға ат басын бұрды. Дайындық жұмыстары баяу жүріп жатқанын ескертіп, қабылдау уақытысын 1 қазаннан кешіктірмеуді тапсырды.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары «Трансфер» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабымен танысып, Агрохолдинг құрамын деген кіші шаруашылықтармен кездесті.
Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары «Рахымбаев» жеке кәсіпкерлігінің көкөніс сақтау қоймасының құрылысымен танысты. Қойма басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Б. Нығмашев «Береке» шаруа қожалының интенсивті алма бағы мен құлпынай алқабымен де танысты.
Түстен кейін «Майлыбай» арнасының жаңғырту құрылыс жұмыстарын көріп, арна арқылы егістік алқаптаратын суаратын шаруалармен кездесті. Өз кезегінде Берік Болатұлы мердігерге белгіленген уақытта нысанды толық аяқтауын, "Қазсушар" мекемесіне және аудандық әкімдікке қатаң бақылауға алуын тапсырды.
Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының аудандағы орындалу барысымен танысып шықты. Жобаға қатысушылар алған несиесін толық өтеп болған соң қайта қаржыландыруды сұрады. Сонымен қатар, пилоттық округте құрылған ауыл шаруашылығы кооперативінің күздік дақылдарға дайындалған егістік алқабына ат басын бұрды.
Іссапары соңында облыс әкімінің орынбасары Аспара ауылдық округінің ветеринариялық пунктінде аудандағы 14 ауылдық округтің ветеринарларымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есептерін тыңдап, соңында әрі қарай жұмысты жандандыру мақсатында тиісті тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз