Жамбыл жаңалықтар

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Атақты балуан енді спорт мектебін басқарады

Қазақстан барысының жеңімпазы, Еуразия барысының алтын белдік иегері, даңқты балуан Бейбіт Ыстыбаев мемлекеттік қызметке келді, деп жазады jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының бұйрығымен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры болып Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды.

Айта кетейік, Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында туған. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы.