Бейнебақылау жүйелерін бүлдірмеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2025
- 206
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеушілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 428-1-баптың (“Байланыс құралдарын, бейнебақылау жүйелерін, сигнал беру құралдарын, есепке алу немесе бақылау жүйелерін қасақана жою немесе бүлдіру”) талаптары бойынша құқықтық түсіндіру шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауатын арттыру және мекеме аумағындағы бейнебақылау камералары мен басқа да техникалық бақылау құралдарын қасақана істен шығару немесе бүлдірудің алдын алу.
Кездесу барысында сотталғандарға аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні ескертіліп, ҚР ҚК 428-1-бапқа сәйкес берілетін жаза түрлері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мекеменің ішкі тәртіп талаптары мен техникалық қауіпсіздік ережелері қайта түсіндірілді.
Осындай алдын алу бағытындағы іс-шаралар құқық бұзушылықтарды болдырмау және жазаны өтеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізіліп отырады.






