жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Билікөлдік кәсіпкер туған жерге ерекше тарту жасады

Билікөлдік кәсіпкер туған жерге ерекше тарту жасады
Фото: Jambylinfo.kz
Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында жергілікті кәсіпкер Бақтияр Кенжеұлының демеушілігімен ауыл атауы жазылған көрнекі ақпарат белгісі орнатылды. Жоба округ әкімі Еркебұлан Қамбарбековтің бастамасымен жүзеге асып, ауыл келбетіне көрік қосты.

Жуалы ауданына қарасты Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылында елді мекен атауын айшықтайтын жаңа көрнекі ақпарат белгісінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған жоба Билікөл ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Қамбарбековтің бастамасымен жүзеге асса, оның құрылуына ауыл тумасы, жеке кәсіпкер Бақтияр Кенжеұлы демеушілік көрсетті.

Салтанатты лента қию рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айдос Асабаев, демеуші азамат Бақтияр Кенжеұлы, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еңсебек Абсалямов қатысты. Рәсім барысында сөз алғандар ауылдың дамуына бағытталған мұндай игі бастамалардың маңыздылығына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, шараға қатысқан Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев, Билікөл ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Абсалямов және мүшелері А.Байксиев пен Ө.Қосаров ақ баталарын беріп, ауыл азаматтарына алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде туған жеріне жанашырлық танытқан кәсіпкер Бақтияр Кенжеұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, елге қызмет етудің үлгісін көрсетті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар