Жамбыл жаңалықтар

Білікті маман – сауатты жұмыс

Білікті маман – сауатты жұмыс

Бүгінгі ұрпақ қазақстандық ҚАЖ саласын құруға атсалысқан және онда қызмет етуші жандарға құрметпен қарайды. Өз ісіне жауапкершілікпен қараған, халықтың мақтанышы болып, елдің сенімін ақтаған бұл қызметкерлердің бай тәжірибесі – бүгінгі күннің жетістіктері. Бүгінде сол аға буынның жолын жалғап, сенім үдесінен шығып жүргендер де аз емес. Солардың бірі – осы саладағы кадр қызметкерлері. Кадр қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ЖД-158/5 мекемесінде өткен жиын барысында тәжірибесі мол мамандар, жалпы ішкі істер органдарындағы кадр жүйесі сондай-ақ жақсы кадр даярлау жөнінде кеңінен айтылды. Айта кету керек, Ішкі істер органдарына кәсіби кадр дайындау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсібиліктерін арттыру, білікті мамандар даярлау – бүгінгі күннің талабы. Себебі, білікті маман – баға жетпес кадр. Расында имидждің қалыптасуында жасампаздық жұмысын білікті, қабілетті және жаны да, ары да таза кадрлар ғана ілгерілете алады. Олар жеке басының жүріс-тұрысы, сөзі, тұрмысы, жұмыс істеу мәдениетімен, ізденуімен, жаңашылдығымен жеке құрамға өнеге болып, өз ұжымымен бірге еңбектеніп, бірге өрістеуі тиіс. Жиын соңында мекеме басшылығы кадр саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, мінсіз қызметі үшін зор алғысын білдіріп, отбасына және жақындарына мықты денсаулық, бақыт, береке тіледі.