Білікті мамандар білгенімен бөлісті
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігіне қарасты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Бас директорының бастамасымен сәтті жүзеге асқан «2000 мектеп» бағдарламасы бүгінде өз жемісін беруде. Еліміздің 17 аймағында филиалы бар кәсіпорын қызметкерлері қанатқақты жоба аясында білім ошақтарына арнайы барып, мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдауда қателікке бой алдырмауына себепкер болып отыр.
Аталған кәсіпорынның облыстық филиалының мамандары бүгінгі күнге дейін 120 білім беру ұйымдарында кездесу өткізіп, жалынды жастардың осы салаға деген қызығушылығын ояту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарған. Нәтижесінде, кездесуге қатынасқан 7 мыңнан астам оқушының арасынан болашағын жол салу мамандығымен байланыстырған да табылды. Мәселен, облыс орталығындағы мектептерде білім алатын Әзиз Мұратов, Николай Павлов және Роман Ковалев сынды түлектер еліміздегі жол саласына өз үлестерін қоспақ ниетте.
Қорыта айтқанда, білгенін үйрететін білікті мамандардың арқасында бұл салаға келем деушілердің қатары күн санап өсуде. Бұл ретте «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалында тұрақты түрде ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» шарасы да айрықша рөлге ие.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жол жауапсыздықты көтермейді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024