жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім мен болашақты ұштастырған баспалдақ

Білім мен болашақты ұштастырған баспалдақ
ашық дереккөзі
Білім мен болашақты ұштастырған баспалдақ

Облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданы Аса ауылында «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» ашылды. Өскелең ұрпақтың өн бойындағы қабілетті анықтап қана қоймай, дамытып, шығармашылығын шыңдап, болашақ мамандығының баспалдағын қалыптастыратын орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев арнайы қатысып, өнерлі өрендердің қуанышымен бөлісті.

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты орталық қазіргі заман талаптарын барынша ескере отырып, ел ертеңіне, өскелең ұрпақтың игілігіне беріліп отыр. Себебі мамандық таңдау ісі ретке келмей маман тапшылығы мәселесі де шешімін таппасы анық. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы орталықтың жұмысымен жан-жақты танысып, оқытушылардың еңбегіне сәттілік тіледі. Айта кетсек, 1961 жылы типтік жобада салынған ғимаратқа «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, үш қабатты нысан адам танымастай өзгерген. – Орталықта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 6 бағыт бойынша 16 үйірме жұмыс атқарады. Мұнда робототехника, кеме үлгілеу, авиа үлгілеу, этнодизайн, тігін, тамақ өнері мен қазақ және ағылшын тілі, сөйлеу шеберлігі, сурет, химия, ментальді математика, автокөлік ісі мен медициналық алғашқы көмек көрсету үйірмелері бойынша оқушылар өздерінің білімдерін тереңдете түседі. Бұл үйірмелерде жалпы саны 1400 бала қамтылады, – дейді бала тәрбиелеу ісінде отыз жылға жуық тәжірибесі бар орталық директоры Салтанат Кұрманова. Жалпы айтқанда орталықта техникалық бағыт бойынша 515 оқушы, көркем эстетикалық бағыт бойынша 300 оқушы, тілдік бағытта 150 оқушы, биологиялық экологиялық бағытта 150 оқушы, сәндік қолданбалы бағытта 120 оқушы, кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша 150 оқушы қамтылады деп жоспарланған.

  Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар