жұма, 27 желтоқсан, 2024 0:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір ғана жеке кәсіпкерлікте 30 сотталған жұмыс істейді

Бір ғана жеке кәсіпкерлікте 30 сотталған жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Бір ғана жеке кәсіпкерлікте 30 сотталған жұмыс істейді
Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта түзеу мекемелерінде өндіріс орындарын ашу үшін кәсіпкерлермен әріптестік байланыс орнатылған.  width= Мәселен, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесіндегі жұмыс орындарының басым бөлігі Ішкі істер министрлігі жанынан құрылған «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының меншігінде. Бұдан бөлек, мекемеде өз кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерліктер де бар. Солардың бірі – «Асима» жеке кәсіпкерлігі. Негізінен, ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлік 2019 жылдан бері мекеме аумағында табысты еңбек етуде. Жүзімкүл Мамраимова басқаратын кәсіпорында қазіргі таңда 30 сотталған адам ақылы жұмыспен қамтылған. Олар келісім-шарт аясында Эльмира Талғатқызына еңбек етеді әрі апта сайын 400 дана дайындама жасап жүр. Жалпы, «Ағаш өнімдері» жеке кәсіпкерлігінде жұмыс істейтін жазасын өтеушілер астауға арнайы дайындама жасайды. Айта кетейік, дәл осы түзеу мекемесінде 11 кәсіпкерлік жұмыс істесе, онда бас-аяғы 248 сотталған азамат тер төгуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар