Жамбыл жаңалықтар

«Біртұтас тәрбие: Заң және тәртіп құндылығы, бала қауіпсіздігінің алдын алу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті

The final spritzer

Жиында маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін Таразда «Біртұтас тәрбие: Заң және тәртіп құндылығы, бала қауіпсіздігінің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған. 
Жиында ҚР Адам  құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Жамбыл облысы кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ төрағасы, Тараз қаласы әкімінің 3-ші округының ардагерлер мен алқа билер кеңесінің төрағаларымен қатар, басқа да мемлекеттік орган өкілдері баяндама жасады. 
Негізгі айтылған тақырыптар - «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Әкенің отбасындағы рөлі»,  «Бала тәрбиесіндегі басты мектеп-отбасы», «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері», «Ұрпаққа үлгі бол!», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы. 
Дөңгелек үстелде облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң мен тәртіптің маңыздылығын талқылау, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар мәселе көтеріліп, шешу жолдары талқыланды. 
Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие  бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша Тараз қаласындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы, №34 орта мектебінің, Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебіні, Жуалы ауданы  Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектептерінде атқарылған жұмыстар атап өтіліп, мекеме басшылығы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар білім  беру ұйымдарында құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру, білім алушылардың өзінің  және  өзгенің  құқықтарына құрметпен  қарауға тәрбиелеу бойынша әдістемелік  көмектер алды.