Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды
Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды
Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетсе, құрылыс көлемі 7 проценттен асқан Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Өңірде бүгінде 535,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің Жамбыл облысындағы сапары барысында баяндалды. Сондай-ақ Премьер Министр Тараз қаласындағы медициналық бұйымдар шығаратын «Әмір және Д» ЖШС-да болды. Биыл қазан айында кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады. Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді және басқа да диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 15 млн экспресс-тест пен 1,5 млн бақылау ерітіндісін құрайды. Мамин «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығының айналасындағы аумақты реконструкциялау жоспарымен, сонымен бірге Тараз қаласының тұрғын үй, медицина, көлік инфрақұрылымы мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дамыту жобаларымен танысты. Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/509558-biyl-10-ajda-zhambyl-oblysynda-nerk-sip-ndirisini-k-lemi-500-milliard-te-ge-boldy Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz