Жамбыл жаңалықтар
Биыл 785 рет бақылау жұмыстары жүргізілді
- авторjambylinfo.kz
- 21 желтоқсан, 2022
- 159
Биыл 785 рет бақылау жұмыстары жүргізілді
Қай кезде де жолдың сапасы жақсаруы үшін оның бақылауға алынуы аса маңызды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы – техникалық бақылау жүргізетін жалғыз мекеме. Ағымдағы жылы дәл осы орталықтың өңірдегі филиалы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарындағы 207 нысанға 785 рет бақылау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 1 770 дана жол-құрылыс материалдарынан сынама алынып, оның 17-і нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Сондай-ақ жол ақауларына байланысты 190 ескерту берілген.
Жалпы, жол активтері сапасының ұлттық орталығы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл мекеменің негізгі мақсаты – жол құрылысының сапасын бақылау. Мұнда халықаралық стандарттарға сай сынақ және жылжымайтын зертхана бар. Бүгінде аталған мекемеде лаборант, сарапшы және инженер сынды тәжірибелі мамандар қызмет етеді. Облыстық филиалдың сапа және мемлекеттік инженері Ахметжан Бименовтың айтуынша, жыл өткен сайын жол-құрылысы бағытының даму деңгейі байқалады.
- Филиал қызметкерлері жол төсемінің стандартқа сай болуын әркез назарда ұстайды. Бір сөзбен айтқанда, қатаң бақылауға алынған. Олай етпесек болмайды. Өйткені, қиыршық тас белгіленген қалыңдықта төселіп, дұрыс технология қолдануы тиіс. Үстіміздегі жылы филиалдың зертханасында жол-құрылыс материалдарының 1 891 сынамасы зерттелген. Оның 204-і талапқа сай емес, - деді Ахметжан Мәмбетжанұлы.
Айта кетейік, филиал қызметкерлері есепті кезеңде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына 6 мәрте хат жазған. Онда өз жұмысына немқұрайлы қараған технадзорларға тиісті шара қолдану жөнінде көрсетіліп, нәтижесінде «КазАвтоЖол» мекемесі бір технадзорды қызметінен босатқан. Бұдан бөлек, тағы бір технадзорға айыппұл салынып, оның аттестатын 6 ай мерзімге жою туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасына жазылған жол ақаулары туралы хаттың негізінде «КазАвтоДор» мекемесінің жол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы айыппұл арқалаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024