Жамбыл жаңалықтар

Биыл "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба" аясында 2630 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Биыл "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба" аясында 2630 адамға қайтарымсыз грант беріледі

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 2630 адамға қайтарымсыз грант беруге 3222,2 млн.теңге қаралды. Ағымды жылдың 1 мамырына 107 адам 131,0 млн. теңге қайтарымсыз грант алды. Алушылардың санаттарына келетін болсақ, 107 адамның ішінде 4 – аз қамтылғандар, 41- көпбалалы отбасы мүшелері, 13 – еңбекке қабілетті мүгедектер, 36 - 29 жасқа дейінгі жастар, 13 - мүгедек балаға күтім жасаушылар. Барлық алушылардың арасынан 55 - малға грант алса, 3 адам - құсқа, 23 - технологиялық жабдықтарға, 5 - еңбек құралдарына, 21- инвентарға грант алды.