Биыл Шу ауданында 6 спорт алаңшасы бой көтереді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қазан, 2024
- 323
Биыл Шу ауданында 6 спорт алаңшасы бой көтереді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Оның сөзінше, спорт саласында да жасалған жұмыс аз емес. Мәселен, биыл ауданда 6 жоба бойынша заманауи үлгіде балалар ойын алаңшалары салынуда.
- 5 спорт мекемесі бар. Оның 4-і балалар жасөспірімдер спорт мектебі,1 бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы. Ағымдағы жылы 6 жоба бойынша заманауи үлгіде балалар ойын алыңшалары салынатын болады. 7 жоба спорт нысандарының ЖСҚ дайын. Сонымен қатар, Балуан Шолақ а/о жеке кәсіпкер есебінен (құны 180 млн.теңге) спорт нысаны бой көтеруде. Көлемі 800 ш/м. сыйымдылығы 80 адам. Күрес, Баскетбол, Волейбол, Футбол ойнауға мүмкіндік бар,- деді аудан әкімі.
Сондай-ақ Бірлік ауылы және Шу қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 2 ангар типтес спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған екен.
- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен 2023-2024 жылдар аралығында, Шоқпар, Бірлікүстем, Бірлік, Д.Қонаев ауылдарында демеушілік қаражат есебінен балаларға арналған жалпы құны 303,0 млн. теңгені құрайтын стрит воркаут, футбол және баскетбол алаңдарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған Корпорациямен Көкқайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 264,0 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарлануда,- деді Бақытжан Жәнібеков.
Жалпы, биылғы жылдың 9 айының қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткіштер қалыптасқан. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 25,8 млрд.теңге, немесе 101,8%. Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 50,4 млрд.теңге, немесе 66,6%. Инвестиция көлемі – 47,1 млрд теңге, немесе 94,5%, Құрылыс жұмыстары – 30,8 млрд.теңге, немесе 68,6%, Тұрғын үй көлемі – 24 920 ш.м. немесе 102,5%, Сауда айналымы – 19,5 млрд теңге, немесе 109,5%, Аудан бюджетінің кіріс бөлігі бойынша 12,2 млрд. теңге түсіп 106,8%-ға орындалды. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша 10,7 млрд. теңге немесе 94,6%-ға орындалған.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 50,4 млрд. теңге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 66,6%-ға орындалды. Өсімдік шаруашылығы бойынша 31,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, немесе 56%-ға орындалды.
Оның негізгі орындалмау себебі нақты игерілмеген егіс алқаптары бойынша статистикалық деректерді өзектендіру нәтижесінде орын алып отыр.
Яғни, 2024 жылдың өніміне 73 179,8 гектар алқап орналастырып, 2023 жылмен салыстырғанда 60 954,6 гектарға, немесе 45,5% кем орындалды
Жыл қорытындысымен аталған көрсеткішті 66,6% дан - 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд.теңгеге несиелендірілді.
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5 бағытына басымдық берілген, яғни кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бойынша жобалар қолдау көруде. 9 ай қорытындысы бойынша Шу ауданының 18 округі мен Шу қаласынан 157 өтінім жинақталды. Жалпы жинақталған өтінім құны 1 307,3 млн. теңге. Бүгінгі күнге «Тараз» ӘКК-мен мақұлдау жұмыстары басталып, ауданымыздан 7 жоба келісіліп, қалған құжаттарын жинақтауда. Сонымен қатар 25 жобаның кепіліне бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 104,0 млн.теңге үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерлерді игеру мақсатында айналым қаражат алып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде.
Сонымен қатар 452,1 млн.теңгеге 49 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім беріп, 40 дана техникасы жеткізілді.
705 ауыл тұрғыны 3,6 млрд.теңгеге 21 394 бас мал сатып алынған. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 адам 34,6 млн.теңгеге несие алып, жұмыс жасауда.
Жайылым
Бүгінгі күнге елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша ауданның арнайы жер қорындағы шалғай жер телімдерінен қосымша 21,0 мың гектар жайылымдық жер учаскелері жер комиссиясында қаралып оң қорытынды қабылданып, жылдың соңына дейін бекітіп беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шаралар арқылы аудан бойынша жайылым жер жетіспеушілігі шешілмек.
Жыл басынан игерілмей жатқан 3 653,0 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жыл басынан бау-бақшаға беру арқылы 30 га егістік жер учаскелері қайта айналымға қосылды. 10 жер учаскесі аукцион арқылы ойнатылып, 3 жыл мерзімге уақытша пайдалану құқығына берілді. Сонымен қатар, жалпы ауданы 82,46 га 10 ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жер учаскесі жыл соңына дейін конкурсқа шығарылады.
Тұрғын үй мәселесі
Бүгінгі күнге Шу ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі тұрғын үй мәселесі. Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 1747 адам тіркелген. Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген.
Тек 2018 жылы Шу қаласындағы Жетісу мөлтек ауданында бос тұрған 75 пәтерлік тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Аталған аудандағы қалған бос тұрған 4 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті кәсіпкермен келіссөз жүргіздік. Бүгінгі күнге сейсмикалық сараптамадан өткізіп, аудан тұрғындарына қолданысқа беру жұмыстарын жасаймыз.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй, ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі - тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.
Одан бөлек, өткен жылы, тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса, ағымдағы жылы 100 азаматқа баспана кілтін табыстау жоспарда.
Сонымен қатар, Шу қаласы «Жетісу» тұрғын аумағында 80 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы бастау алды. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіндегі 180 азамат баспаналы болады деп жоспарлануда.
Ауыз су мәселесі
Ауданда 35 елді мекеннің 27-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 74,3% құрайды. Шу қаласы, Төле би, Абай, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Бірлікүстем, Б.Шолақ, Белбасар, Жаңажол, Бәйдібек, Тасөткел, Бірлік, Далақайнар, Қонаев, Мойынқұм, Шоқпар ст, Аспара, Құмөзек, Жиделі, Еспе бекеттері, Көккайнар, Еңбекші, Көкжиек, Құлақшын, Алайғыр, Ақтөбе.
Бүгінгі күнге 6 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Өткен жылы Көктөбе, Бөлтірік елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ал, Сауытбек елді мекені бойынша мердігер «Жаңарту» ЖШС-ін жосықсыз ретінде тану үшін сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі күтілуде. Ал, Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылдарын ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп қолдау табылды. Бүгінгі күнге Тасөткел су қоймасы мен Жайсан ауылдарында су шығару имараттарының құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.
Еңбек (құны 432,5 млн), Жиенбет (құны 538,1 млн) ауылдарын ауыз сумен қамту бойынша, мердігер «Сауда сервис Шу» ЖШС жеңімпаз болып танылып, алайда, осы конкурсқа қатысқан 2-ші қатысушы «Байсын-А» ЖШС Жамбыл облыстық экономикалық сотына арызданып, аталған конкурсті заңсыз деп тануды талап етіп, екеуі арасында сот процесі жүргізілуде. Өкінішке орай, жоспарланған құрылыс жұмыстары басталмай, бөлінген қаражат республикалық бюджеттен қаралғандықтан, облыстық мәслихат шешіміне сәйкес кері қайтарылды.
Қалған Шоқпар ауылының ЖСҚ-сы әзірленіп сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім ұсынылған. Қолдау тапқан жағдайда, ауыз сумен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, Төле би ауылының сол жақ беткейін ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталып, ал, Шу қаласы Қант зауыты м/а құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Шу қаласына Горгаз (құны 1,4 млрд), Жанкулиев (құны 1,1 млрд) және Жайсан (құны 990,1 млн) мөлтектеріне ЖСҚ әзірленіп сараптамадан өтті . Осы құрылыстарға РБ-ға бюджеттік өтінім өткізіліп, қаражат бөлінуі күтілуде.
Аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда, 2025 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту 100% жетеді деп күтілуде.
Дегенмен ауыз суға қатысты проблемалық мәселе де бар.
Шу қаласында жалпы ауыз су жүйесінің ұзындығы – 169,3 шқ, кәріз су жүйесінің ұзындығы - 54,7 шқ құрайды.
Осы су жүйелеріне «Ауызсу-Шу» КМК-ны мен «Теміржолсу- Алматы» ЖШС-гі қызмет көрсеткен.
Өткен жылы «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-нен өзіміздің теңгерімге алдық.
Қазіргі таңда су мен кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанымен құбырлары ескірген. Инфрақұрылым бойынша теңгерімге алған себебіміз болашақта қаланың барлық су, кәріз құбырларын жаңарту болып табылады. Қала бойынша су құбырлармен кәріздер жүйесі нысандарына күрделі жөндеулер керек, осы уақытқа дейін бұл жұмыстар ішінара жасалып келген. Қаланы көркейтуіміз керек, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуымыз керек. Қәзіргі таңда біздің жоспарымыз өте көп, құжаттардың барлығын дұрыстап бірден тарифты сәйкестендіреміз деп отырмыз, мекемеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаруға лицензия алу жоспарда бар.
Табиғи газ
Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 немесе 51,42% құрайды.
6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200), рзд. Құмөзек (116), ст. Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134).
Ағымдағы жылға 3 медициналық нысанды газға қосу жұмыстарын жүргізуге дайынбыз. Алайда, Қонаев ауылында АГТС құрылысы аяқталмай, газға қосу жұмыстары толық жүргізілмейтінін ескерген жөн.
Білім
Ауданда 114 білім мекемесі бар.
2024 жылға 1 жаңа құрылыс, 2 күрделі жөндеу қолдау тауып, бүгінгі күнге мердігерлері анықталған, құрылыс жұмыстары бастау алуда.