сенбі, 5 қазан, 2024 23:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Таразда балаларға арналған 25 ойын алаңы салынады

Биыл Таразда балаларға арналған 25 ойын алаңы салынады
Сурет: jambylinfo.kz
Бүгінде 18 мекен-жай бойынша мердігер анықталған

Тараз қаласында ауладағы ойын алаңдарының саны жыл сайын артып келеді. Жалпы, биыл балаларға арналған 25 ойын алаңын салу жоспарланса, 18 мекен-жай тиісті жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметінше, биыл қала бойынша 25 ойын алаңын салу көзделген. 

«Қазір 18 мекен-жай бойынша балалар ойнайтын алаң салатын мердігер анықталған. Кейбір орындарда жұмыс басталып кеткен.  Ал қалған 7 аулаға балалар ойнайтын алаң салу үшін мемлекеттік сатып алу жүріп жатыр», -  деп жауап берді мекеме өкілдері.

Атап айтқанда, қазір Сатыбалдиев көшесі, №40, 42 үй аумағы мен Қазыбек би көшесі, №142 үй ауласына ойын алаңдары, ал, «Қарасу 5» мөлтек ауданы, №16 үйдің ауласына кіші футбол алаңы салынып жатыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар