Жамбыл жаңалықтар

Биыл Таразда балаларға арналған 25 ойын алаңы салынады

Бүгінде 18 мекен-жай бойынша мердігер анықталған

Тараз қаласында ауладағы ойын алаңдарының саны жыл сайын артып келеді. Жалпы, биыл балаларға арналған 25 ойын алаңын салу жоспарланса, 18 мекен-жай тиісті жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметінше, биыл қала бойынша 25 ойын алаңын салу көзделген. 

Атап айтқанда, қазір Сатыбалдиев көшесі, №40, 42 үй аумағы мен Қазыбек би көшесі, №142 үй ауласына ойын алаңдары, ал, «Қарасу 5» мөлтек ауданы, №16 үйдің ауласына кіші футбол алаңы салынып жатыр.