Биыл Тараздағы барлық демалыс орындарында су ішетін субұрқақтар салынбақ
Қала әкімінің халықпен кездесулерінде бұл мәселе жиі көтерілген
Бүгін республикалық акция аясында өткен көшет егу рәсімінде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков биыл шаһардың барлық демалыс орындарында тұрғындар су ішетін субұрқақтар салу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе жергілікті жұрт тарапынан жиі көтерілген. Мәселені назарға алған әкімдік халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін биыл Тараздағы барлық демалыс орындарында субұрқақ салмақ. Мұнда тіршілік нәрі тегіс жұртқа қолжетімді болады. Ал, аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев облыста 53 субұрқақ барын айтты.