Жамбыл жаңалықтар

Биыл Жамбыл облысында 17 мәдени нысан салынады

Бұл мақсатқа 3,1 миллиард теңге қарастырылған

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай биыл салаға 13,3 миллиард теңге қаралғанын, оның ішінде 166,5 миллион теңге іс-шаралар өткізуге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Ерлан Жүнісбайдың сөзінше, Жамбыл облысының 85 жылдығына орай республикалық ақындар айтысымен басталған іс-шаралар тізбегі жалғасып келеді. Бұған биылдыққа 167 миллион теңгеге жуық қаржы қаралған. Басқарма басшысы жыл соңына дейін өткізілетін шараларды атап өтті.

Сонымен қатар, биыл облыста 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3,1 миллиард теңге қарастырылса, 8 мәдениет нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал, қалған 9 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылға өтпелі.